Пресс-релиз

Пресс-релиз

2016 жылғы 9 сәуірде қабылданған “Лотереялар және лотерея қызметі туралы” Қазақстан Республикасының №495-V Заңына (2016 жылғы 1 мамырда қолданысқа енгізілді), сондай-ақ ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 10 ақпандағы №48 қаулысына сәйкес “Сәтті Жұлдыз” АҚ қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Бірыңғай лотерея операторы болып табылады.

 

Мемлекеттік органдар тарапынан Лотерея операторының көп жылдық қызметі кезінде қолданыстағы заңнаманың нормалары мен талаптары бұзылған фактілер тіркелмеді, салық міндеттемелерін орындау кезінде сомалар мен төлеу мерзімдері қатаң сақталды. Компания қоғам мен Үкімет алдындағы өзінің жоғары әлеуметтік жауапкершілігін сезіне отырып және лотерея қызметінің халықаралық стандарттарына сәйкес жұмыс істеуге ұмтылды, лотереяны дамыту және әлеуметтік маңызды іс-шараларды қолдауға бағытталған жобаларды үнемі жүзеге асырды.

 

Аталмыш саланы реттеуші Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ұсынысына сәйкес, “Сәтті Жұлдыз” АҚ 30.01.2024 жылдан бастап ел аумағында “Lotomatic” терминалдары/дүңгіршектері арқылы электронды лезді лотерея таратуды уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

 

“Lotomatic” терминалдар/дүңгіршектер желісінің жұмысын тоқтату елде лотерея терминалдары кейпінде таралатын тыйым салынған ойын автоматтарын көлеңкеден шығаруға және олардың қызметін қалыпқа келтіруге байланысты кері әсер туғызуы мүмкін екенін түсіну маңызды. Бұл “Lotomatic” кейпінде боялған жалған аппараттарды орнату және жұмыс істеу бойынша үшінші тұлғалардың қылмыстық жазаланатын әрекеттерінің ықтималдығын айтарлықтай арттырады. “Сәтті Жұлдыз” АҚ мұндай жағдайлардың алдын ала алмайды және олардың ісіне жауап бермейді.

 

Осыған байланысты заңсыз жұмыс істейтін ойын автоматын байқаған әрбір азаматты Құқық қорғау органдарына хабарлауын өтінеміз. Қазақстан Республикасындағы лотерея қызметінің тұтастығын сақтау үшін, заңсыз ойын бизнесінің өршуіне қарсы күресті бірлесе жүргізілу қажет.