«Lotomatic» лотереясы қатысушыларына арналған үндеу

«Lotomatic» лотереясы қатысушыларына арналған үндеу

Құрметті қазақстандықтар!

Соңғы кездері Қазақстанда лотерея өнімдерінің заңдылығына қатысты популизм белең алуда. «Хайп» жасау арқылы түрлі болжамдар айтып, біраз «қайраткерлер» танымал болуға тырысады.

Осы үндеу арқылы біз түрлі қауесет әңгімені сейілтіп, ұлттық лотереяның жұмысына түсініктеме бергіміз келеді.

Бүгін Lotomatic лездік электронды лотереясының сауда терминалдары жұмысына қатысты петиция жарияланды. Алдымен, «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясының ашықтығына қатысты ұстанымымызды тағы бір рет атап өтіп, бізге келіп түскен өтініштердің барлығына жауап берілгенін айтып өткеніміз жөн.

Енді петицияға қайта оралайық.

Қоғамдық пікірді зерттеу институты репрезентативті іріктеу бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізді, іріктеудің негізгі критерийлері жынысы мен жасына қатысты болды. Талдау нәтижесінде мынадай қорытынды жасауға негіз бар: респонденттердің 37,3%-ы лотереяға қатысады, оның 20,3%-ы лотерея билеттерін екі жылдан астам уақыт бұрын сатып алған, қазіргі уақытта – 17,0%-ы. Қатысушылар арасындағы жиіліктің өзі өте төмен болды. Көпшілігі билетті жылына бір рет (64,7%), 12,9% – айына бір рет сатып алады. Бұл Қазақстанда лотерея ойынына тәуелділіктен зардап шегетіндердің жоқтығын дәлелдейді.

«Сәтті Жұлдыз» АҚ Lotomatic жобасын бастау кезіндегі басты мақсаты қазақстандықтарды ресми электронды лездік лотереямен қамтамасыз ету және заңсыз ойын бизнесінің қолданыстағы көлеңкелі нарығының барлық субъектілерін анықтап, оларды заңды және ашық қызмет көрсетуге тарту болып табылды. Сарапшылардың мәліметі бойынша, көлеңкелі нарықтың салық салынатын айналымы жылына кемі 54 млрд теңгені құрайды, бұл мемлекеттік бюджетке айтарлықтай зардап әкеледі.

Бұл жоба бизнесті заңдастыру және астыртын лотерея нарығына қарсы тұру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысына көмектесу мақсатында әзірленген. Осы мақсатта лотерея ойындары сатып алынып, терминалдарға орнатылып, қатысушыларға құмар ойындардың орнына лотереяға қатысуға мүмкіндік берді. Аталмыш терминалдар өз кезегінде лотерея туралы ақпаратты өңдеу орталығына және лотерея есеп беру орталығына қосылған.

Көпшіліктің есінде болса, «Сәтті Жұлдыз» АҚ нарықтағы қызметін бастамай тұрған кезде ел аумағында 30 мыңға жуық заңсыз «сары-жасыл» ойын автоматтары орнатылған болатын. Олар толығымен автономды түрде жұмыс істеді, ұтыстың мөлшерін орнатушы өз қалағанынша өзгертіп,  ойыншылардың жас шегін бақыламады. Олар салық төлеуден бас тартып, өз еркінше жұмыс істеді.

Заңсыз ойын бизнесі қызметін анықтау және алдын алу мақсатында Қаржы мониторингі агенттігі және Экономикалық тергеу департаменті аумақтық бөлімшелерімен тығыз байланыста 6 043 дана техника тәркіленді. 241 қылмыстық іс қозғалды (оның ішінде Алматы – 90, Нұр-Сұлтан – 40, Шымкент – 60, Ақмола облысы – 9, Алматы облысы – 15, Ақтөбе облысы – 3, Жамбыл облысы – 7, Батыс Қазақстан облысы – 4, Қостанай облысы-3, Түркістан облысы -10), олар бойынша бірінші сатыдағы соттардың заңды күшіне енген қаулысы шығарылды. 3000-ға жуық жалған және заңсыз ойын автоматтары жойылып, кәдеге жаратылды.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының аумағында 5 958 Lotomatic терминалы заңды түрде жұмыс істейді.

 

Lotomatic лездік электронды лотерея терминалдары:

1) Барлық Lotomatic терминалдары желіге қосылған және интернетке қосулы күйде ғана жұмыс істейді;

2) Әрбір ойын фискализацияланады. Яғни, чек беріледі;

3) Нәтижеге әсер ету мүмкіндігінің болмауы. Lotomatic лотереялары – белгілі бір бекітілген жүлде қоры және белгілі бір жүлде санаты бар жүйеге жүктелген лотерея билеттерінің партиясы. Ал, заңсыз құрылғылардағы онлайн ойындар – адамның тікелей әсер ету мүмкіндігі бар, конфигурацияланатын құрылғыға;

4) Lotomatic лотереяларының ұтыс ойынына әсер ету мүмкіндігінің жоқтығы. Яғни, бір нәрсені ашу және қайта конфигурациялау мүмкін емес. Барлық дерек Lotomatic терминалдары қосылған арнайы жүйеде сақталады;

5) Әрбір Lotomatic терминалының өзінің бірегей нөмірі бар және оны қолдау қызметіне немесе lotomatic.kz сайтына хабарласу арқылы тексеруге болады;

6) Lotomatic лотереяларының заңсыз «сары-жасыл» құрылғылардың ойындарымен ұқсас көрінісі тек маркетингтік қадам болып табылады. Тұтынушы өнімді осы түрде тұтынуға дағдыланған.

Кәмелетке толмағандарды лотереяға қатыстырмау  өту маңызды, бұл үшін нақты қадамдар жасалған:

1) Тексеру. Кәмелетке толмағандардың тіркеуден өту және сатып алу мүмкіндігі жоқ;

2) Кәмелетке толмағандар үшін ұтысты алудың мүмкін еместігі, өйткені шағын ұтыс алу үшін ЖСН енгізу қажет, ал үлкен соманы алу үшін ұтысты төлеу орталығына бару міндетті;

3) Қатысуға шектеу қою бағдарламасы. Яғни,  шектеу қатысушының ғана емес, оның туыстарының да бастауымен іске асатын әдістеме.

Жоғарыда аталған барлық тармақтарды ескере отырып, нарықта әлі де заңсыз ойын автоматтары барын ескертеміз. Lotomatic терминалын заңсыз ойын автоматтарынан қалай ажыратуға болады?

Келесі белгілерге назар аударыңыз:

  • дүңгіршектің сары-көк түсі;
  • логотиптің болуы;
  • терминалдың сәйкестендіру нөмірі;
  • QR коды.

Сондықтан, жоғарыда аталған белгілердің жоқ екенін байқасаңыз, сайтта көрсетілген нөмірлер бойынша дереу хабарлаңыз.

Дистрибьюторлардың өз міндетін дұрыс орындамауы мүмкін екенін атап өткен жөн. Бұл жағдайда аталған агентке 7 миллион теңге көлемінде айыппұл салынып, оның ісі Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылады. Жоғарыда айтылған жағдайға тап болсаңыз, дереу хабарлаңыз.

«Сәтті Жұлдыздың» негізгі қағидаларының бірі – 2006 жылы Дүниежүзілік лотерея қауымдастығы қабылдаған «Жауапты ойын» (Responsible Gaming) ережелеріне сәйкес іс-шаралар өткізу. «Сәтті Жұлдыз» сайтында «жауапты ойынға» арналған айдар бар. «Сәтті Жұлдыздың» басты мақсаты лотереяға аз ақша жұмсап, барынша көп адамның қатысуына мүмкіндік тудыру. Қатысушылардың барлығының жеңіске жету мүмкіндігі бірдей. «Сәтті Жұлдыз» АҚ қызметінің жауапты ойынның барлық ережелеріне сәйкестігін 2018 жылдың күзінде Дүниежүзілік және Еуропалық лотерея қауымдастығының ең беделді екі салалық кәсіподақ ұйымы растады. Нәтижесінде «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясына қауымдастықтардың тұрақты мүшесі мәртебесі берілді.

Біз Қазақстан Республикасындағы лотерея қызметі туралы кез келген диалогқа дайынбыз. Барлық сұрақтар бойынша 8 800 080 52 00 нөміріне хабарласуға болады