
29 Қыр КММ «Жанұя» мамандандырылған кешені
2023 жылдың 28 қыркүйегінде «Lotomatic» ЖШС компаниясының қызметкерлері «Жанұя» мамандандырылған балалар үйінде болды.
Аталған мекемеде білім беру қажеттілігі ерекше 500-ден астам бала оқиды және тәрбиеленеді. Олардың көбі ата-анасының қамқорлығысыз қалған жетімдер.
«Lotomatic» компаниясының қызметкерлері «Satty Zhuldyz» АҚ қолдауымен 4-18 жас аралығындағы балаларға барлық қажетті жылы заттарды сатып алды.
Балалар үйі әкімшілігінің алғыс айтуы қайырымдылық акциясына қатысқан әрбір азамат үшін басты марапат болды.