Чукча

Чукча

Чукча

Атауы, мекенжайы, телефон нөмірлері және лотерея операторының интернет-ресурсы

«Сәтті Жұлдыз» АҚ,
A21B8P1, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Жетісу ауданы,
Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 28а,
интернет ресурс: https://www.lotomatic.kz/

Ұтысты алу орны мен мерзімдері жайлы деректер

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мөлшеріне салық салынбайтын ұтыстар лотерея қатысушысының ұтысы бар электрондық лотерея билетін сатып алу және ашу орны бойынша төленеді.

Лотерея қатысушысының салық салынбайтын ұтысы бар электрондық лотерея билетін сатып алу және ашу орны бойынша ақша қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, оған қоса лотерея билетін сатып алу және ашу орны бойынша ұтысты төлеуге мүмкін қылмайтын басқа да жағдайлар болған жағдайда, төлем мекенжайлары лотерея операторының сайтында көрсетілген төлем орталықтарында жүзеге асады.

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мөлшеріне салық салынатын ұтыстар мекенжайлары лотерея операторының сайтында көрсетілген төлем орталықтарында төленеді:

  • 500 000 (бес жүз мың) теңгеге дейінгі ұтыстар мекенжайлары лотерея операторының сайтында көрсетілген аумақтық төлем орталықтарында төленеді;
  • 500 000 (бес жүз мың) теңгеден жоғары ұтыстар мекенжайлары лотерея операторының сайтында көрсетілген орталық төлем орталығында төленеді.

Ұтыстар лотерея өткізу шарттары бойынша жеңімпаз деп танылған лотерея қатысушысының белгіленген тәртіппен жүлдені алу үшін өтініш берген күнінен бастап 6 (алты) ай ішінде төленеді.

Сараптама өткізілген жағдайда, төлемнің мерзімі осы сараптаманы өткізу кезеңіне ұзартылады, оның ұзақтығы жүлдені алу үшін лотерея қатысушысы өтініш берген сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспауы керек.

Жүлде қорының мөлшері

64 (шестьдесят четыре) %

Қатысудың қысқаша ережелері

Электрондық лотерея билетін сатып алу және ашу процессі ұзақтығы, уақыт аралығы әр түрлі анимациялық безендірумен бірге жүруі мүмкін, ал оның кез келген визуалды элементтері, соның ішінде ойын-сауық сипатындағы элементтер, жүлде қорын ойнатуға және оның нәтижесіне ешқандай әсері жоқ.

Жүлде қорының ойнатылымына қатысу үшін лотереяға қатысушы сатып алынған электрондық лотерея билетінің бағасын пайдаланушы интерфейсінің «Сатып алу» батырмалары арқылы, сондай-ақ электрондық лотерея билетіндегі «1»-ден (бір) «10»-ға (он) дейінгі сандарды «1»-ден «80»-ге дейін сандық белгілері бар батырмалары арқылы таңдайды.

Электрондық лотерея билеттерінің бағасын және сандар мөлшерін таңдағаннан кейін, лотерея шарттарын оқып, толық келісетіндігін растай отырып, лотерея қатысушысы өзі белгілеген өлшемдерге сәйкес электрондық лотерея билеттерін пайдаланушы интерфейсінің «Сатып алу» батырмасы арқылы сатып алады, онымен бірге бір уақытта электрондық лотерея билетін ашу және лотерея қатысушысына лотереяға қатысу жабдығының экранында электрондық лотерея билетін ашудың нәтижесін көрсету орын алады онда: лотерея қатысушысына сатып алып, ашқан электрондық лотерея билетінде ұтыстың болуы немесе болмауы туралы және бар болған жағдайда оның мөлшері туралы ақпарат болады.

Электрондық лотерея билеттерін автоматты режимде сатып алып, ашу үшін аталған режимнің іске қосылуына дейін лотерея қатысушысымен берілген құндық және мөлшерлік өлшемдер бойынша қосымша электрондық лотерея билеттерін сатып алу үшін пайдаланушы интерфейсінің «Авто-сатып алу» батырмасы пайдаланылады.

Лотерея қатысушысының есептік жазбасының балансынан ақша қаражатын шығару үшін пайдаланушы интерфейсінің «Қабылдау» батырмасы пайдаланылады.